16:01, 17 Сәуір 2011 | GMT +5
БҚО-ның Шыңғырлау және Теректі аудандарында су тасқыны жағдайы тұрақталды
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - БҚО-ның Шыңғырлау және Теректі аудандарында су тасқыны жағдайы тұрақталды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Су деңгейінің төмендеуіне байланысты 1772 адам тұрғылықты жерлеріне оралды.
Алайда облыстың басқа аудандарында су тасқыны жағдайы әлі де күрделі күйінде қалып отыр, оған қолайсыз ауа райы - нөсер жаңбыр әсер етуде. Қазірде барлығы 8624 үй суға кеткен, оның ішінде тұрғын үйлер 1478, саяжай учаскелері - 7146.
Облыс орталығының зардап шеккен аудандарында азаматтардан хабарламалар қабылдайтын 4 бекет ұйымдастырылды, оларда құтқару бөлімшелері мен полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етуде.
Су тасқыны салдарын жою бойынша құтқару жұмыстары жалғастырылуда.