БҚО-ның Теректі ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен Арман Өтеғұлов Теректі ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Арман Кәрімұлы 1964 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін ветеринарлық дәрігер және экономика мамандықтары бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі бар.

Әр жылдары Фурманов ауданы, «Ақкөл» кеңшарының аға ветеринар дәрігері, «Ақкөл» кеңшарының, кейін «Ақкөл» ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорнының бас ветеринар

дәрігері, Қазталов ауданы «Талдыапан» ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорнының директоры, Қазталов ауданы әкімінің орынбасары болды.

Сондай-ақ Қаратөбе, Теректі аудандарының әкімі, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар
telegram