БҚО полиция қызметкері пара алғандығын мойындады

АСТАНА. қазАқпарат - 2014 жылдың 13 наурызда Батыс Қазақстан Облысы бойынша қаржы полициясы департаментіне М-дан БҚО ІІД-нің әкімшілік полициясы басқармасының лейтенанты Е.Мұхитовқа қатысты арыз келіп түсті.Бұл туралы БҚО бойынша ЭСЖҚД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Оның айтуынша, Е.Мұхитов М-ның жол қозғалысы тәртібін бұзу кезінде одан алынған көлік жүргізушісі куәлігін қайтарып беру үшін 40 000 теңге пара талап еткен. 14 наурызда БҚО бойынша қаржы полициясы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ІІД-нің әкімшілік полициясы басқармасының ғимаратындағы өзінің кабинетінде М-дан 40 000 тенге пара алған Е.Мұхитов ұсталды. Осы күні, Е.Мұхитов қылмыс жасағаны жөнінде өз кінәсін толығымен мойындап, қылмыстық істі сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен жүргізу жөнінде арызын ұсынды. Е.Мұхитовқа қатысты ҚР ҚК-нің 311 бабының 1 бөлімімен (пара алу) қозғалған қылмыстық іс сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен жүргізіліп, сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар