11:30, 29 Желтоқсан 2013 | GMT +5
БҚО: прокуратураның араласуымен «Нұржанар» АҚ-ның жұмысшыларға 3,318 млн. теңге қарызы өтелді
ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу барысында «Нұржанар» АҚ-ның 86 жұмысшыға 2012 жылдың желтоқсан айы үшін 3,318 млн. теңге жалақы қарызы бар екендігін анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, прокуратураның аталған заңбұзушылықты жою туралы берген ұйғарымы негізінде еңбекақы қарызы толықтай өтелді. Сөйтіп 86 жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.