БҚО шекарасында 2 500 қорап темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді

ОРАЛ. KAZINFORM – Ресеймен шекарада орналасқан «Сырым» автомобиль өткізу бекетінде темекі өнімдерінің заңсыз тасымалданғаны анықталды.

БҚО мемлекеттік кірістер департаменті
Фото: БҚО мемлекеттік кірістер департаменті

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесе отырып, 2 500 қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті. 

БҚО мемлекеттік кірістер департаменті
Фото: БҚО мемлекеттік кірістер департаменті

Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, темекі өнімдері Қырғызстаннан Қазақстан арқылы Ресейге жеткізілмек болған.

– Тауарлар міндетті құжаттаманы талап ететін акцизделетін өнім болып есептеледі. Қазіргі кезде тексеру шаралары жүргізілуде, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО мемлекеттік кірістер департаменті
Фото: БҚО мемлекеттік кірістер департаменті

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да құны 714 млн теңге тұратын темекі өнімдерін шекарадан құжатсыз алып өтпек болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар