БҚО соттарында төрағалар ауысты

ОРАЛ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас Бекназаров бүгін Елбасы Жарлығымен таныстырды.
None
None

Аталмыш Жарлық бойынша Қамбар Нұрышев Батыс Қазақстан облыстық кассациялық сот алқасының төрағасы қызметінен босатылып, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Ал БҚО-ның бұған дейінгі сот төрағасы Мұқтар Смағұлов Атырау облыстық сотын басқаруға баратын болды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасына төраға болып бұған дейін Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы қызметін атқарған Бақытбек Бегалиев тағайындалды. Бұдан басқа аудандық сот төрағалары арасында да ауыс-түйістер болды. Күні бүгінге дейін №2 Зеленов аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Тельман Ибрашев Шыңғырлау аудандық сотын басқаруға жіберілсе, Бөкей ордасы аудандық сотына Тамара Ғұмарова басшылық жасайтын болды. Лауазым иелері жаңа қызметтеріне бес жылға тағайындалды.

Бұдан кейін сөз алған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов сот төрағаларына табыс тілеп, жергілікті сот ұжымына әкімшілік атынан сый-сияпат жасады. Сот ісін жүргізудің қиын да күрделі екенін айтқан облыс басшысы осы қызметті адал атқарып жүрген бірнеше сот қызметкеріне пәтер кілтін табыс етті. Сондай-ақ осы жолы кейбір аудандық сот ұжымдарына қызметтік көлік берілді.

Соңғы жаңалықтар