18:14, 05 Қаңтар 2015 | GMT +6
БҚО сотының судьясы тағайындалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы болып ҚР Президентінің сәйкес Жарлығымен Ғалия Манарбекқызы Дәулетқалиева тағайындалды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол осыған дейін Орал қалалық №2 сотының судьясы қызметін атқарған.