БҚО статистика департаментінде заңды тұлғаларға статистикалық карточканы беруді тоқтату мәселесіне арналған кеңес болды

ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО статистика департаментінде сәуірдің 8-інде 2010 жылы тіркелуші субъектілерге (заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктерге) статистикалық карточка беруді тоқтату мәселесіне арналған кеңес болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары, әділет және салық департаменті, Орал қалалық салық басқармасы, сондай-ақ 16 банк өкілдері қатысқан кеңесте статистика департаменті бастығының орынбасары Болтай Әлімбаеваның мәлім еткеніндей, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына сәйкес сәуірдің 16-сынан бастап статкарта беру тоқтатылады. Оның орнына бизнес сәйкестендіру нөмірі ( БСН ) енгізіліп, барлық жұмыс электронды түрде жүргізіледі. Бұл әлдеқайда тиімді болмақ.

Заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктерді бірыңғай сәйкестендіру жүйесіне бір ізбен көшіру мақсатында ҚР Статистика агенттігінің ақпарат жүйесінде екі сәйкестендіру КҰЖС ( кәсіпорын-ұйымдарды жалпы сәйкестендіру ) және БСН кодтары қолданылады. КҰЖС коды берілгені туралы ақпаратқа респонденттер тек ҚР Статистика агенттігі аумақтық бөлімшелеріне тікелей хабарласқаннан кейін ғана қол жеткізе алады.

Соңғы жаңалықтар