БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы келді

ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Есентай Қалиев БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
None
None

Осыған дейін Қазталов ауданың әкімі қызметін атқарған Есентай Қалиев 1963 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Орал педагогикалық институтын бітірген. Комсомол ұйымында еңбек жолын бастап, шыңдалған ол содан кейін аталмыш аудан аумағында ауыл әкімі, аудан әкімінің орынбасары, мектеп директоры сынды лауазымды қызметтерді атқарған.

Соңғы жаңалықтар