19:15, 20 Қаңтар 2015 | GMT +5
БҚО: Тасқалада «Алла» деген жазуы бар қозы туды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тасқала ауданы орталығы Тасқала ауылында тұратын Жақсығұл Тасмағамбетовтің ауласында «Алла» деген жазуы бар қозы туды.
Өзінің айтуынша, қозының үстіндегі арабша жазуға ұқсас өрнекті көргеннен кейін, аудандық мешіттен молданы шақыртып, оқытқан екен. Ол «Алла» деген жазуды анық оқиды. Бұған дейін егіз, тіпті үшемдерді де көрген мал иесі мұны қой жылындағы береке-байлыққа жорып отыр.
«Бұл да бір Алланың сыйы шығар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жеріміз құнарлы, малымыз көбейе берсін. Қой жылы төл көп болсын», - деді Ж.Тасмағамбетов.