17:24, 26 Сәуір 2013 | GMT +5
БҚО төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеретініне байланысты ескерту жариялады
ОРАЛ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында және облыс аумағының кей жерлерінде 27 сәуір күні солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 25 метрге жетпек.

Осыған байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады. Ұжым басшылары, әсіресе, қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық мекемелердің жетекшілері электр және байланыс желілерінің барынша тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз етуі шарт. Сол сияқты тұрғындар да елді мекендерден алысқа ұзамағаны дұрыс.