БҚО: Тұңғыш Президент күніне арналған волейболдан жарыста Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жеңіске жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Тұңғыш Президент күніне орай волейболдан әскери қызметшілер арасында жарыс мәреге жетті.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, турнирге барлығы сегіз команда қатысты.

Жарыс қорытындысында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы жеңімпаз атанып, Орал гарнизоны әскери прокурорының кубогын иеленді. Ұлттық ұланға қарасты 5517-әскери бөлім жігіттері екінші, ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2029-әскери бөлім командасы үшінші орынға көтерілді.

Жеңімпаз-жүлдегерлерді Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет подполковнигі Алтынбай Раев пен «Батыс» өңірлік қолбасшысы, полковник Қайрат Ақтанов құттықтап, кубок, дипломдарды табыс етті.

Соңғы жаңалықтар