БҚО: Тұрғындардан травматикалық қару сатып алуға 43,7 млн. астам теңге бөлінді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғындардан травматикалық қару сатып алуға республикалық бюджет есебінен биыл 43 млн. 768 мың теңге бөлінді.
None
None

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы жыл басында тұрғындарда тапсырылуға тиісті 1405 қару тіркелсе, соның 578-і ұңғысыз травматикалық қару болса, 827-сі - газды-травматикалық қару. Күні бүгін облыс азаматтарынан 474 өтініш түсіп, олар 510 қаруды өз еріктерімен тапсырған. Ішкі істер органдарындағы комиссиялармен тапсырылған қаруға 14,1 млн. астам теңге көлемінде төлемақы төлеу жөнінде 226 қорытынды шығарылды.

Шара жыл бойы жүргізілетін болады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тапсырылмаған қару заңсыз болып есептеледі де, иелері ҚР ҚК 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жаңалықтар