21:14, 27 Тамыз 2023 | GMT +5
БҚО тұрғындары Атыраудағы 10 шақырымдық марафонның жеңімпазы атанды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының тұрғындары Атыраудағы 10 шақырымдық марафонның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық дін істері басқармасы мен «Жәрдем-Атырау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 10 шақырымға жүгіру марафоны өтті.
«Марафон саламатты өмір салтын насихаттау, жастарды бұқаралық спортпен белсенді айналысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Тәуелсіз еліміздің гүлденуіне әр азамат өз үлесін қосуы керек. Бұл үшін саламатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Бәріміз Ата заңымызды дәріптеп, Отанымыздың патриоты болайық», - деді дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Ізғалиев.
