БҚО тұрғындары Chia Tai Pharmaceutical пирамидасына салған 769 млн теңгесінен айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚМА Батыс Қазақстан бойынша департаменті қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берді.

Сонымен бірге, «Chia Tai Pharmaceutical» жеке тұлғалардан ақшаны алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.

Келген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.


Соңғы жаңалықтар