БҚО тұрғыны жас жігітті мылтықпен атып өлтірді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО тұрғыны жас жігітті мылтықпен атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткендей, оқиға 12 маусым күні Бәйтерек ауданы Дариян ауылында болған.
Шамамен сағат 03.55-те Приурал полиция бөліміне белгісіз біреудің Песочная мен И.Тайманов көшелерінің қиылысында 1994 жылғы жігітті мылтықпен атқаны жөнінде хабар түскен.
Марқұм алған жарақатынан Орал қалалық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Жедел іздестіру шаралары барысында Дариян ауылының 1983 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда электр жөндеуші маманның ток соғып, мерт болғанын жазған едік.