01:04, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
БҚО тұрғынының өліміне күдікті ретінде учаскелік полиция инспекторы ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Январцев ауылында тұратын учаскелік полиция инспекторы Эдуард Ғаббасовтың үйінен ер адамның мүрдесі табылған.
Январцев ауылдық округінің әкімі Абылай Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда, марқұм болған Бегун Январцевтен бес шақырым қашықтықтағы Красноармейск елді мекенінде тұрған, еш жерде жұмыс жасамаған. Оның өліміне күдікті ретінде аталған полиция қызметкері ұсталып, қамалды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның жай-жапсары анықталуда.