БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметінен босады

ОРАЛ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 11 наурыз күні облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында осыған дейін басқарма бастығы болған Мүсілім Оңдағановты шығарып салу рәсімі болды.
None
None

Онда облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің атап өткеніндей, Мүсілім Оңдағанұлының облыс спортын дамытуға сіңірген еңбегі айрықша. Ол облыс спортының тізгінін 8 жыл ұстады. Осы жылдар ішінде Батыс Қазақстан облысының спортта жеткен жетістіктері қомақты болды. Бейжің, Лондон олимпиадаларында күміс, қола медальдарға қол жеткізілді. Мүсілім Оңдағанов таяуда Азия самбо федерациясының президенті болып сайланды. Осыған орай, бұл азаматқа артылар сенім жүгі еселеп өсіп, шетелге жиі жұмыс сапарларына шығуға тура келеді. Басқарма бастығы секілді лауазымды қатар алып жүру қиын болғандықтан, Мүсілім Оңдағанов облыс әкімі Нұрлан Асқарұлына өзін қызметтен босату туралы өтініш білдірді. Облыс басшысы бұл ұсынысқа түсіністікпен қарап келісімін берді.

Өз кезегінде Мүсілім Оңдағанов ұзақ жылдар басшылық жасаған ұжымына, жалпы спорт сүйер қауымға қолдаулары үшін алғысын жеткізсе, София Иманғалиева, Батырқайыр Әйешев, Қамеш Исмағұлов бастаған өзге де спорт ардагерлері М.Оңдағановтың іскерлік, азаматтық қырларына жан-жақты тоқталды және жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар