БҚО университетінің болашақ 149 аграршысы «Дипломмен - ауылға» атанбақ

Бұл туралы университеттегі кәсіптік практика және студенттік мансап департаментінің директоры Бейбіт Нәсиев мәлім етті.
Оның айтуынша, соның ішінде 235 студент «Жастар тәжірибесіне» қатыспақшы. Түлектердің 35 пайыздан астамы өз білімдерін магистратурада жалғастыратын болса, 124 жас қазақ әскері қатарын толықтырмақ. Үш жүздей түлек аграрлық бағытта негізгі мамандығы бойынша жұмыс істеуге тілек білдірсе, соның 149-ы «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша бақ сынамақшы.
«Биыл жеңілдік алатын мамандар қатарына мал дәрігерлері енгізілгені белгілі. Біз өзіміздегі дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі алдында екі ай бойы болашақ мал дәрігерлеріне де орын қарастырдық. Соның нәтижесінде ректоратқа БҚО ғана емес, Ақтөбе, Атырау облыстарынан да ұсыныс түсті. Ең бастысы, біз өз түлектеріміздің мамандығы бойынша жұмыс тауып, дүниеге кірпіш болып қалануына септесе беретін боламыз», - деді Б.Нәсиев.