БҚО жас маманы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша қайта даярлаудан өтіп, балабақша тәрбиешісі болып жұмысқа орналасты

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қатысушысы болған 21 жасар Самал Бижанова, 2007-2010 жылдары Жәнібек кентіндегі № 9 кәсіби лицейінде оқып, 3 дәрежелі аспаз мамандығын алды. 2011 жылы «Жастар саясаты» бағдарламасының аясында Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің нұсқауымен ол өз мамандығымен «ВетСервисБерекет» жекеменшік кәсіпорнында жастар тәжірибесінен өтті.
Одан кейін С.Бижанова Жәнібек ауданының жұмыспен қамту орталығына барды. Мекеме нұсқауымен 2011 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінде «Мектепалды білім берудің тәрбиешісі» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өтті.
Ағымдағы жылдың наурызында Самал Жәнібек кентіндегі «Балдәурен» балабақшасына тұрақты жұмысқа орналасып, мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлыққа ризашылығын білдіреді.