БҚО: Жастар арасында жыл үздіктері анықталды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында әр сала бойынша жастар арасында жыл үздіктері марапатталды.
None
None

Оларды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, Тәуелсіз еліміздің қарыштап алға басуына сүбелі үлестерін қосып, алдағы уақытта да табысқа жете берулеріне тілектестігін білдірді.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармадан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш байқау 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

Биыл аталым саны 11-ге жетіп, арнайы комиссия жыл үздіктерін анықтады. Атап айтқанда, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі - үздік жастар ұйымы, Мержан Әбілқас - үздік жас көшбасшы, Әсемгүл Тіресова - үздік студент, Бауыржан Әбдірахманов - үздік жас кәсіпкер, ескекші Андрей Ергучев - үздік жас спортшы атанды. Сондай-ақ Медет Бисекенов - үздік жас ұстаз, домбырашы Ақылбек Бектасов - үздік жас мәдениет қызметкері, облыстық «Орал өңірі» газетінің бөлім редакторы Нұрлыбек Рахманов - үздік жас тілші, Бейбіт Қожахметов - үздік жас әскери қызметкер, Қайрат Халелов - үздік жас тәртіп сақшысы деп танылды.

Ал жүзуден биылғы параазиялық ойындардың қола жүлдегері Руслан Өтебалиев «Жыл жаңалығы» болып танылды.

Соңғы жаңалықтар