БҚО: Жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды
«Азамат Жұмабайұлы арнайы білімі бар, қалалық, облыстық деңгейдегі түрлі лауазымдарда мол тәжірибе жинақтаған, бұған дейін өзін алдына қойылған кез келген тапсырманы тыңғылықты орындай алатын маман ретінде көрсетті. Енді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы ретінде осы жұмыстарды әрі қарай жалғастырады деп сенемін», - деді Нұрлан Асқарұлы.
Азамат Жұмабайұлы Айтуев 1981 жылы туған, білімі жоғары, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2008 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген.
2002-2003 жылдары Бөрлі ауданы прокурорының көмекшісі болған.
2003-2006 жылдары Орал қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарында қызмет етті.
2008 жылы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры.
2008 жылы Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі болды.
2008-2009 жылдары Орал қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі меңгерушісі.
2009-2012 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің басшысы.
2015 жылдың 21 шілдесінен Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.