БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы өзгерді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
None
None

Жаңадан тағайындалған басшыны басқарма ұжымына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев таныстырып, Әлия Мұханбетжанованың осыған дейін Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімін басқарған кезінде өзін шебер маман, талапшыл, іскер ұйымдастырушы ретінде таныта білгенін атап өтті. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ә.Б.Мұханбетжанова 1978 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1998 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін агрохимия және топырақтану мамандығы бойынша бітірген. 1999-2002 жылдары Зеленов ауданы /Переметный ауылы/ Кожевников орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарды. 2002-2005 жылдары Зеленов аудандық жер ресурстарын басқару комитетінде жетекші маман, 2005 жылы осы ауданда жер ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы болып еңбек етті. 2005-2006 жылдары - Зеленов ауданында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары бойынша бас маманы. 2006 жылдан осы кезге дейін Зеленов ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар