БҚО жол полициясы басқармасында ашық есік күні өткізілді

ОРАЛ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО ІІД жол полициясы басқармасында ашық есік күні өткізілді.
None
None

Аталмыш басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Тельман Үсеновтің атап өткеніндей, мұндай шарада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты өзекті мәселелер талқыға салынады. Осыған орай облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бөлім бастығы Марат Түркпенов, «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы БҚО бойынша филиалы бастығының міндетін атқарушы Серік Үбішев және басқалар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Алдағы кезеңге бірлескен іс-қимыл жоспары белгіленді.

Жол полициясы күніне орай үздік қызметкерлер «Мінсіз қызметі үшін» кеудебелгілерімен марапатталып, бірқатарына алғыс жарияланды. Шараға сала ардагерлері мен қызмет бабында жүргенде қаза тапқан жол полициясы қызметкерлерінің отбасылары қатысып, шағын концерт қойылды.

Соңғы жаңалықтар