Блинкен Газа секторындағы соғысты тоқтату мүмкіндігі туралы айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильді Газа секторындағы ХАМАС позицияларын алу және топ жетекшісі Яхья Синвардың қаза табуынан кейін Газадағы соғысты тоқтату мүмкіндігін пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі.

Энтони Блинкен Израиль
Фото: SecBlinken

Э.Блинкеннің айтуынша, Израиль өзінің көптеген мақсаттарына қол жеткізді. Соның ішінде ХАМАС-ты әскери күш ретінде жою және оның жетекшілерінің өлтіру фактілері соның дәлелі. Сондықтан Газадан кепілге алынғандарды үйлеріне қайтару және соғыс әрекеттерін тоқтатуға ұмтылуы керек.

«Қазір бұл жетістіктерді тұрақты стратегиялық табысқа айналдырудың нақты шағы. Іс жүзінде тек екі нәрсе қалды: кепілге алынғандарды үйлеріне қайтару және соғысты аяқтау», - деді Блинкен тілшілерге.

Блинкен Израильге жасаған сапарын қорытындылап, Газа секторына көмек көрсету жағдайларында ілгерілеу барын жеткізді.

«Бұл жақсы нәтиже бірақ одан да көп прогреске қол жеткізу керек», - деп толықтырды АҚШ-тың Мемлекеттік хатшы.

Соңғы жаңалықтар