Блинкен Түркияның Сыртқы істер министрімен кездесті

Энтони Блинкен
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.

Таяу Шығысқа сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Анкараға келіп, Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесті. Келіссөздер жабық есік жағдайында өтті, деп хабарлайды Kazinform ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Оның Түркияға сапары елдегі антиамерикалық көңіл-күйдің күшеюі аясында болды. Жексенбі күні полиция АҚШ әскері орналасқан авиабазаға кіруге әрекеттенген палестиналық шерушілер тобын тоқтатуға мәжбүр болды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газадағы қантөгісті тоқтатып, палестиналықтарды Израильдің «қысымынан» құтқаруды өз елінің міндеті деп атады.

Соғыс басталғаннан кейін Израиль мен Түркия арасындағы байланыс нашарлап, екі ел де дипломаттарын қайтарып алды. Ердоған Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды «есептен шығаратынын», бірақ Түркияның Израильмен байланысын үзгісі келмейтінін айтты.

Блинкен бұған дейін Израильге барып, гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдету үшін Газа секторындағы әскери әрекеттерді уақытша тоқтатуды сұрады. Одан кейін Батыс жағалау, Иордания және Ирак басшыларымен, министрлерімен кездесулер өткізді.

Соңғы жаңалықтар