Білім саласына 7 жылда 1,5 трлн теңгенің гранты бөлінген

АСТАНА. KAZINFORM – Кейінгі жеті жылдағы негізгі нәтижелердің бірі жоғары білімге мемлекеттік қолдаудың жүйелі түрде кеңеюі болды. Осы кезеңде Қазақстанда 655 680 білім гранты бөлінді, ал қаржыландырудың жалпы көлемі 1,5 трлн теңгені құрады. 

жоо
Фото: Pexels

-Бұл жастарға тікелей мемлекеттік қолдау көрсетудің және елдің адам капиталына инвестициялаудың ең ауқымды құралдарының бірі болып табылады. Білім беру гранты – бұл нақты талапкердің мемлекет есебінен жоғары білім алу мүмкіндігі ғана емес. Елдің кадрлық әлеуетін алдағы жылдарға қалыптастыру туралы сөз болып отыр. Мемлекеттік білім беру тапсырысы жүйесі арқылы болашақта экономикада және басқа да стратегиялық маңызды бағыттарда жұмыс істеуге тиіс мамандарды даярлауға жағдай жасалады,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда бөлінген қаражаттың ауқымы жоғары білімнің қолжетімділігі мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретіні айтылған.

7 жыл ішінде мемлекет білім гранттарына ірі ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаларға пара-пар сома бөлді. Бұл ретте нәтиже тек қаржыландыру көлемімен ғана емес, ең алдымен мемлекет есебінен жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болған жастардың санымен өлшенеді.

Бұл шараның оқу ақысы айтарлықтай қаржылық ауыртпалық болып табылатын отбасылар үшін ерекше маңызы бар.

-Сонымен қатар, бүгінде мемлекеттің міндеті гранттар санын көбейтумен ғана шектелмейді. Келесі кезең - бұл инвестициялардың тиімділігін арттыру: кадрлар даярлаудың экономика қажеттіліктеріне сәйкестігі, білім беру бағдарламаларының сапасы, түлектердің сұранысқа ие болуы және жоғары білімнің нақты сектормен байланысы.

Осылайша, алты жылда 655 680 грант және 1,5 трлн теңге қаржыландыру – бұл жастарға мемлекеттік қолдауды жүйелі түрде кеңейтудің көрсеткіші, - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл Астанада жаңа оқу жылында 9 жаңа білім беру нысаны ашылды.