Bloomberg: Үндістандық миллиардер Амбани Азиядағы ең бай отбасы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістандық миллиардер Мукеш Амбанидің отбасылық кланы Bloomberg ұсынған Азиядағы ең бай 20 отбасы тізімінде көш бастады, деп жазады ТАСС.

Аталған тізімге Үндістан, Таиланд, Қытай, Индонезия, Малайзия және басқа елдердің ең ауқатты отбасылары кірді.
Үндістанның ең ірі өнеркәсіптік конгломераттарының бірі Reliance Industries-ке иелік ететін Амбани кланы 90,5 миллиард доллар қаржы активтерімен тізімде көш бастады.
Екінші орында таиландтық Чераванонт отбасы, оның қазынасы 42,6 миллиард доллар, ол азық-түлік өнімдерін шығаратын және Азия бойынша телекоммуникациялық бизнесі бар Charoen Pokphand компаниялар тобына ие.
Үшінші орында тұрған индонезиялық банкир Хартоно, отбасының байлығы 42,2 миллиард долларды құрайды.
Айтқандай, Bloomderg бұл тізімге тағы алты үндістандық миллиардер отбасын қосты.
Осыған дейін үндістандық миллиардер АҚШ-та алаяқтық пен пара алды деп айыпталғанын хабарладық.