«BMW» Оңтүстік Кореядағы 55 мың көлікті кері қайтарып беруге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның «BMW» көлік шығарушы компаниясы Оңтүстік Кореяда сатылған 55 мыңнан астам автомобилін кері шақыртып жатыр, делінген елдің көлік министрлігінің мәлімдемесінде, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
None
None

Шақыртуға «BMW» және еншілес «Mini» компаниясы көліктерінің 24 моделінде газ үлестіру механизмінен шыққан ақау себеп болып отыр.

BMW-дан басқа, «Volvo» автомобильдері мен «Harley Davidson» мотоциклдерін Кореядағы импорттаушылары шақыртуға мәжбүр.

Бұған дейін осы аптада немістің басқа көлік шығарушысы, Volkswagen концерніне қатысты жанжал орын алған.

Соңғы жаңалықтар