Бодрумда түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төртінші саммиті басталды
Форум жұмысын ашқан Түркия Президенті Абдулла Гүл барлық делегаттарға осы форумның жұмысына қатысқандары үшін алғыс білдірді. Ол сонымен бірге, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төртінші саммиті Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің одан арғы ынтымақтастығына жаңа серпін береді деп атап өтті. Түркия Республикасының басшысы оған мүше мемлекеттер арасында түрлі бағыттарда ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Жекелей алғанда, ол экономика, әлеуметтік және мәдени салалардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұл отырыстың басты тақырыптарының бірі туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері. Түркі кеңесінің хатшылығы хабарлағандай, осыған дейін тараптар «Түркі Кеңесі - заманауи Жібек жолы» деген атаумен бірлескен, ортақ турпакетті қабылдауға келіскен болатын. Сонымен бірге, осы салада бірлескен білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарын жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді. Түркі кеңесінің аясында жеке секторлар арасында түрлі бағыттарда ынтымақтастықты тереңдетіп, одан әрі дамыту үшін туризмді дамыту бойынша Іскерлік қауымдастығын құру жоспарланып отыр.