23:32, 04 Маусым 2014 | GMT +5
Бодрумдағы саммитке жиналған мемлекет басшылары бейресми кездесу өткізді
БОДРУМ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Бодрумда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттер басшыларының бейресми
кездесуі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. Кездесу барысында мемлекет басшылары алдағы Төртінші саммиттің күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік құрылымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде пікір алмасты.