19:02, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Бөкей ордасында төрт батырдың мүсіні орнатылды
ОРАЛ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылындағы саябақта Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова, Темір Масин, Ахмедияр Құсайынов және Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың мүсіні орнатылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың төртеуі де ? Ұлы Отан соғысында қаһармандық ерлігімен көзге түскендер. Шығыстың қос жұлдызының бірі Мәншүк Мәметова, Темір Масин, Ахмедияр Құсайыновқа Батыр атағы соғыс кезінде-ақ берілсе, қазақтың қанатты қызы Хиуаз Доспанова еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Елбасы Жарлығымен Халық Қаһарманы атанды. Бөкейордалықтар олардың бәрін де жерлесіміз деп мақтан тұтады, қастерлейді. Батыр мүсіндерінің орнатылуы да ? соның жарқын көрінісі.