Бөкей ордасында жаңа мектеп пайдалануға берілді

ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақпанның 9-ында Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл ? «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасына сәйкес облыста салынған төртінші мектеп. Білім ордасына осы өңірде өмір сүрген, Шоқанмен тұстас қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі, этнограф, ағартушы-қайраткер Мұхамедсалық Бабажановтың есімі берілді. Осыған орай жаңа мектеп алдына оның мүсіні орнатылды. Салтанатты рәсімде аудан әкімі Рахман Карин, кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Ақсерік Әйтімов білім ордасының ашылуымен құттықтаса, нысанды салған «Василец» ЖШС директорының орынбасары Рамазан Дәулетов мектеп директоры Асылхан Аманғалиевке ғимарат кілтін табыс етті. Аталмыш нысан құрылысына республикалық бюджеттен 705,9 млн. теңге бөлінген болатын. Облыстық білім басқармасының бастығы Светлана Бисембаева облыс әкімінің атынан «УАЗ» автокөлігінің кілтін тапсырды.
Соңғы жаңалықтар