Бокс-2025 әлем чемпионаты: Қазақстан боксшыларының жекпе-жектерін қайдан көруге болады

АСТАНА. KAZINFORM — Бастап Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында бүгін төрт қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Sports.kz.

бокс
Фото: Sports.kz

Қазақстан атынан ерлер арасында Бейбарыс Жексен (60 кг) мен Төрехан Сабырхан (70 кг), әйелдер арасында Виктория Графеева (60 кг) және Надежда Рябец (75 кг) өнер көрсетеді.

Олардың жекпе-жектерін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Жекпе-жек кестесі:

Күндізгі сессия (Астана уақытымен 15:00):

  • 10-жұп (ринг B). Ерлер. 70 кг. 1/16 финал. Төрехан Сабырхан — Юсеф Ислам Яиш (Алжир).

Кешкі сессия (22:00):

  • 7-жұп (ринг А). Әйелдер. 60 кг. 1/16 финал. Виктория Графеева — Доньета Садику (Косово).

  • 9-жұп (ринг А). Әйелдер. 75 кг. 1/16 финал. Надежда Рябец — Лина Ван (Қытай).

  • 13-жұп (ринг А). Ерлер. 60 кг. 1/16 финал. Бейбарыс Жексен — Джунмилардо Огайре (Филиппин).

Еске сала кетейік, World Boxing ұйымының бастамасымен өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан Элина Базарова жарысты аяқтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар