Бокс: Әбілxан Аманқұл Олимпиада чемпионы Арлен Лопесті тізе бүктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Әбілxан Аманқұл жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Әлем чемпионатында 75 келі салмақ санатында рингке көтерілген боксшымыз Рио Олимпиадасының чемпионы кубалық Арлен Лопеспен жұдырықтасқан болатын. Төрешілер қазақ боксшысы шеберлігін асырды деп бағалап, Әбілхан біріншіліктің жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Ералиев (56 келі) ширек финалда неміс боксшысы Ел-Хаг Омармен кездесіп, оны жергілікті жанкүйерлер алдында жерге қаратқан болатын.  

Ал оның алдында 49 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан боксшымыз Жомарт Ержан екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Василий Егоровті ұтқан еді. 

Алда тағы 4 қазақ боксшысы жартылай финалға шығу үшін шаршы алаңда бақ сынайтын болады. Олар: Василий Левит (91), Абылайхан Жүсіпов (69), Қамшыбек Қоңқабаев (91 кг) және Ерік Әлжанов (81).

Соңғы жаңалықтар