Бокс: Әли Ахмедов АҚШ-та титулдық айқас өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің қайда және қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды  Sports.kz.
None
None

Ахмедов жастар арасындағы жартылай ауыр салмақта өзінің WBC титулын қорғайтын болады. 22 жастағы қазақстандық  боксшы америкалық кіші Роберто Силвамен жекпе-жекке шығады.

Айқас 8 желтоқсанда Round Rock Sports Center-де (АҚШ, Техас) өтеді. Сондай-ақ тағы бір отандық боксшы Искандер Харсан америкалық Давид Альфаромен бақ сынамақ.

Еске салайық, 9 қыркүйек күні Астанада өткен бокс кешінде Ахмедов сегізінші раундта техникалық нокаутпен америкалық Джастин Томасты жеңген еді. 

Соңғы жаңалықтар