Бокс: Алуа Балқыбекова Астанадағы әлем кубогының алтынына таласады

АСТАНА. KAZINFORM - Астанадағы World Boxing аясында өтіп жатқан әлем кубогында Қазақстан құрамасының сапынан Алуа Балқыбекова (51 келі) финалға берілген жетінші жолдамаға ие болды.

Алуа Балқыбекова
Фото: olympic.kz

Жартылай финалдық айқаста отандасымыз Каролин Барбосамен (Бразилия) қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Алуа жеңіске жетті.

Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Надежда Рябец (75 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады. 

Айта кетсек, қазірге дейін Нұрбек Оралбай (80 келі), Назым Қызайбай (48 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі) алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. 

Соңғы жаңалықтар