Бокс: Дәукенов пен Жанұзақ «Big Drama Show 2» жекпе-жегі алдында салмақтарын өлшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Мадияр Жанұзақ және Дәулет Дәукенов Ресейде өтетін «Big Drama Show 2» жекпе-жегінің алдында салмақтарын өлшеді, деп хабарлайды Sports.kz

Бокс: Дәукенов пен Жанұзақ «Big Drama Show 2» жекпе-жегі алдында салмақтарын өлшеді

Мадияр Жанұзақтың салмағы 51,72 кг көрсетсе, қарсыласы Құрбан-Әли Бобокалоновте - 51,78 кг.

Дәулет Дәукенов - 64,45 кг, ал қарсыласы Ахметбек Абдуллаев - 62,35 кг.

Айта кетейік, Дәукенов пен Жанұзақ қазақстандық «Alban Promotion» промоутерлік компаниясының атынан шығады.

Боксшылардың айқасы 7 шілде күні Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді. Кештің ұйымдастырушылары - Герман Титовтың промоутерлік компаниясы «RCC Boxing Promotions».