13:24, 06 Тамыз 2015 | GMT +5
БОКС: Экс-чемпион Хей Кличкода кеткен есесін қайтармаққа бел буды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі салмақ санатындағы әлемнің бұрынғы чемпионы Дэвид Хэй рингке қайта оралып, WBA, WBO, IFB және IBO чемпионы Владимир Кличкомен кездескісі келетінін мәлімдеді.

Британдық 2011 жылы төрешілердің шешімімен украиндық боксшыға есе жіберген болатын.
«Кличкомен қарымта кездесу өткізгім келеді», -деген Хэйдің сөзін келтірді boxing scene. - Мен оны бұл жолы көбінесе жақыннан аяусыз соққының астына аламын. Дайындығым да мүлдем өзгеше болмақ.