БОКС: Есесі кеткен Пакьяо Мэйуэзермен қарымта кездесуге құлшынып отыр

Бұл туралы филиппиндік боксшы америкалық Fightnews сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Өзінің соңғы айқасында Мэйуэзер 3 мамырда Лас-Вегаста Пакьоны жеңіп, 66,68 дейінгі салмақта Дүниежүзілік боксшылар ұйымы, Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығы, Дүниежүзілік боксшылар кеңесі - үш белдікті біріктірген болатын. Көптеген сарапшылар «ғасыр жекпе-жегі» атаған бұл жұдырықтасу 118:110, 116:112, 116:112 ұпай саны бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен америкалықтың жеңісімен аяқталды. Алайда 7 шілдеде америкалық ДБҰ титулынан айырылды.
"Келесі жылы Мэйуэзермен қайта кездескім келеді. Оған моральдық та, физикалық та дайындықпен келемін. Осы жолы өзімді дәлелдейтін боламын", - деді Пакьяо.
Кәсіби рингте Пакьяо 57 рет басым түскен (38 нокаут), 6 жеңіліс және 2-еуі тең.