Бокс федерациясы Төрешілер алқасының төрағасын ауыстырды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан бокс федерациясы Төрешілер алқасының төрағасы алмасқанын хабарлады. 

Төрешілер алқасының төрағасы
Фото: olympic.kz

Бұған дейін осы қызметті атқарған Қайрат Жұманқұловтың орнына Дінмұхамед Абайхан тағайындалды. 

Дінмұхамед Абайханұлы 2012 жылдан бастап бокстан төрешілік қызмет атқарады.

2023 жылдан бастап Халықаралық дәрежедегі ІВА-ның 2 жұлдызды төрешісі.

Естеріңізге сала кетейік,  бұған дейін Астанада өтетін бокстан спаррингтік турнирге қатысатын боксшылардың тізіміне өзгеріс енгізілгенін хабарлаған болатынбыз. Атап айтсақ, қыздар арасындағы тізімге тағы екі боксшы қосылды. 

Соңғы жаңалықтар