Бокс: Карина Ибрагимова әлем чемпионатын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова әлем біріншілігіндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. 

Карина Ибрагимова
Фото: Туризм және спорт министрлігі

57 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз алғашқы айналымда грекиялық боксшы Панагета Кузилудан 5:0 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, Карина Ибрагимованың қоржынында әлем чемпионатының күміс және қола медальдары бар. 

Бұған дейін бүгін әлем чемпионатында 2 қазақстандық боксшы сынға түсетінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар