22:25, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
БОКС: Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия ойындарына дайындық барысында теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікке көтерілген
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық барысында теңіз деңгейінен 2800- 3000 метр биіктікке көтерілген. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазір, ұлттық құрама команда Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан Бүкіләлемдік бокс академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Ол 30 тамызда аяқталады.
«Үш аптаға созылған жиын барысында боксшылар жалпы дене даярлығы мен функционалдық даярлық бойынша тренажерларда әр түрлі жаттығулар және өзара сайыстар өткізді, суға шомылды. Сонымен қатар, команда тауға жорықтарға шығып, теңіз деңгейінен 2800-3000 метр биіктікке дейін көтерілді» - делінген хабарламада. Бокстан Қазқстан ұлттық құрама командасы Азяи ойындарына дайындықтың соңғы кезеңін Астана қаласында Англия құрама командасымен бірге өткізеді.
Ол 8 қыркүйек күні басталады.