БОКС: Қазақстандық бес бірдей боксшы қыз әлем чемпионатының финалына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайбэйде жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық бес боксшы қыз финалға жолдама алды.
None
None

Қазақстан бокс федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, жасөспірімдер арасында Ләйла Құсайынова (63 кг) украиналық Анастасия Шпанюкті 2:1 есебімен ұтса, Надежда Рябец (66 кг) ресейлік Карина Кушелеваны (3:0), Дина Исламбекова (80 кг) венгриялық Вивьен Будаиды (3:0) тізе бүктірді. Ал жартылай финалда қарсыластарынан жеңіліс тапқан Жазира Орақбаева (46 кг), Владислава Кухта (57 кг), Елена Шерункова (70 кг), Гузель Садықова (75 кг) қола жүлдегер атанды.

Жастар арасында ирландиялық Наташа Логанды 3:0 есебімен жеңген Балауса Мұздиман (54 кг), украиналық Юлия Стойкодан басым түскен (2:1) ұлттық құрама капитаны Баян Ақбаева (69 кг) финалға шықты. 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған батысқазақстандық Назым Ищанова американдық Яйяре Гонзалездің меселін қайыра алмай, қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ Алтын Мұқышбекова (81 кг) мен Жанель Жұмасова (+81 кг) да қола медальмен қайтатын болды.

Соңғы жаңалықтар