18:34, 10 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Бокс: Махмұд Сабырхан ширек финалда жапониялық боксшыны айқын басымдылықпен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының ширек финалында Руи Ямагучимен кездесті.
55 келіде сынға түскен отандасымыз жапониялық боксшыны айқын басымдықпен жеңіп, келесі кезеңге шықты.
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасынан 13 боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған едік.
Сондай-ақ бұған дейін Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованың жартылай финалға өткенін хабарлаған болатынбыз.