Бокс: Нұршаева Азия чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары арасынан алғашқы болып финалға Мадина Нұршаева (64 кг) шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бокс: Нұршаева Азия чемпионатының финалына шықты

Жартылай финалда Мадина таиландтық Лаопим Пимвилайды жеңді.

Бұған дейін қола медальға қазақстандық Назым Қызайбай (51 кг) ие болған еді.