10:41, 24 Тамыз 2010 | GMT +5
Бокс: Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда құрамаларының жекпе жегі өтті
АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Тамыздың 21-і күні Шымкент қаласында «Қазақстан бокс қауымдастығының кубогі» жарысының аясында Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда құрамалары кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның әуесқой бокс қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік» дивизионындағы аталмыш құрамалардың жекпе-жегі 7:3 есебімен Оңтүстік Қазақстан облысы боксшыларының жеңісімен аяқталды.
Еске, сала кетейік, жалпы кубок жарыстарына облыстық бокс қауымдастықтардың спорт клубтары негізінде қалыптасқан Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс болып төрт аймақтық дивизионға бөлінген 16 облыстық команда қатысуда. Батыс Қазақстан облыстарының командалары мен Солтүстік Қазақстан командалары жарыс жолын бастап, екінші және үшінші айналымдарға шыққан.
Ал Оңтүстік дивизионының алғашқы кездесуі Алматы облысы және Жамбыл облысы құрамаларының арасында өткен болатын.