18:48, 20 Қазан 2013 | GMT +5
Бокс: Ресейлік Р. Проводников WBO нұсқасы бойынша чемпион атанды
АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Ресей боксшысы Руслан Проводников WBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақта чемпиондық атақты жеңіп алды.

Американдық Майк Альбаромен арада болған жекпе-жек 10 раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Бұл кездесу Проводниковтың чемпиондық атақ үшін болған екінші талпынысы еді. Алғашқысында ол америкалық Тимоти Брэдлиден ұпай санымен ұтылып, ауруханадан бір-ақ шыққан болатын.