20:55, 29 Мамыр 2025 | GMT +5
Бокс: Таиландтағы турнирде Виктория Графеева алтынға таласады
АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Виктория Графеева (60 келі) финалға шықты.

Қазақстандық боксшы 1/2 финалда филиппиндік Ризо Пасьютті сенімді түрде жеңді. Енді ол финалда қытайлық Ян Чэнъмен алтын медальға таласады.
Сондай-ақ жартылай финалда ел құрамасынан Данияр Рахымбердиев (90 келі) пен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.
Ширек финалда ел құрамасынан 9 боксшы жеңіске жетті. Енді үшеуі жарысты жартылай финалдан бастайды.