Бокс жанкүйерлері Жәнібек Әлімханұлының басты жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокс жанкүйерлері қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі басты жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалай алады.
None
None

Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс жаңалықтары Instagram парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желідегі ақпаратқа қарағанда, 27 маусым, жексенбі күні қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) өзінің карьерасындағы ең басты кездесуін АҚШ-та өткізеді.

Лас-Вегаста (Невада штаты) Жәнібек WBА нұсқасы бойынша экс әлем чемпионы АҚШ өкілі Роб Брантпен (26-2, 18КО) кездеседі. Кездесудің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады және «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Айта кетейік, Жәнібек өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Лас-Вегаста өткізіп, аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.


Соңғы жаңалықтар